Азиада-2025: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды
09:21, 13 Ақпан 2025
ХАРБИН. KAZINFORM - Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азиада ойындарының финалына жолдама алды.
Жартылай финалдық ойында ел құрамасы жарыс қожайыны Қытайдан 3:1 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде Роман Старченко қарсылас қорғанысын бұзып-жарып, бірінші болып есеп ашты. Араға үш минут салып Дмитрий Гренц екінші шайбаны қақпа торында тулатты.
Соңғы шешуші кезеңде Қытай құрамасы есеп айырмасын қысқартқан. Алайда Дмитрий Бреус соңғы минутта тағы бір шайба соғып кетті. Қортынды есеп — 3:1.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы тотық кезеңде Қытайды 6:0 есебімен жеңген еді.