Топтық кезеңнің үшінші матчында, А тобында сынға түсіп жатқан қазақстандықтар Қытайлық Тайбэймен кездесті.
Алғашқы екі кезеңде, отандастарымыз қарсылас қақпамына 5 шайбадан соқты.
Ал үшінші кезеңде қазақстан құрамасы тайбэйліктерге мұмкіндік бермей, 7 шайба соқты. Қортынды есеп 17:0.
Ойын барысында Кирилл Панюков жалғыз өзі 4 шайба, ал Алихан Өмірбеков пен Руслан Оспанов 2 шайбадан соқты. Сондай-ақ, Артем Лихотников, Андрей Буяльский, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Артем Королев, Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Александр Борисевич және Денис Чапоров мергендігімен көзге түсті.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде үш ойында қатарынан жеңіске жетіп, А тобында көш бастап тұр.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойында Тайландты 12:0 есебімен жеңсе, екінші матчында жарыс қожайыны Қытайды 6:1 есебімен тізе бүктірді.