Азиада-2025: Қазақстандық шорт-трекші қыздар жартылай финалға жолдама алды

Фото: Фото: Сали Сабиров, ҚР ҰОК

ХАРБИН.KAZINFORM – 7 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының шорт-тректен алғашқы жарыс күні басталды.

Әйелдер арасындағы 1500 метрге сырғанау жарысында, Алина Әжіғалиева, Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова өнер көрсетті. Жарыс жолына алғашқы болып шыққан Алина Әжіғалиева 2 минут 31.433 секунд нәтижемен жартылай финалға жолдама алды.

Сонымен қатар, Мадина Жанбусинова (2 минут 35.696 секунд) пен Ольга Тихоновада (2 минут 35.294 секуд) келесі кезеңде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Қазақстандық шорт-трекшілер бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы 500 метр, 1000 метр және 2000 метр аралас командалық эстафетада өнер көрсетеді. 

Фото: Сали Сабиров, ҚР ҰОК

Еске салайық, Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.

Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.