ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Азия ойындарында алғаш болып мұз айдынына хоккейші қыздар шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Гонконг командасымен кездеседі.
Ойын Астана уақытымен 16:30-да басталады. Азия ойындарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.
Қазақстан құрамасын IX қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өткенін жазған болатынбыз.