Азиада – 2025: Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайға есе жіберді

Фото: Фото: Сали Сабиров

АСТАНА. KAZINFORM – Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында топтық кезеңнің үшінші матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Ұлттық құрама Тайбэйді жеңгеннен кейін Қытаймен ойнады.

Нәтижесінде Қытай 11:4 есебімен жеңіске жетті.

Соңғы үш матчта Қазақстан құрамасы бір рет жеңіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.

Осыған дейін Қытайда тағы бір қандасымыз қысқы Азия ойындарының жүлдегері атанғаны туралы жаздық.