Топтық кезеңде Тайланд құрамасына қарсы ойында, қазақстандық қыздар қарсыластарына тек бір ұпай алуына мүмкіндік берді. Қорытынды есеп, 9:1.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қыздар құрамасының топтық кезеңдегі алтыншы матчы және төртінші жеңісі. Осыған дейін, қыздарымыз жапондықтарға 4:10 есебімен жол берсе, Тайбэй құрамасын 14:0 есебімен ойсырата жеңді.
Жарыс қожайыны Қытай құрамасымен ойында, Қазақстан құрамасы 4:11 есебімен жеңіліс тапты. Алайда, Филиппин құрамасымен тартысты ойын өткізіп, соңғы кезеңде жеңісті жұлып алды.
Кеше Қазақстан қыздар құрамасы Қатарды ірі есеппен жеңді.
Сондай-ақ, отандастарымыз бүгін таңертең Корея құрамасымен кездесіп, 2:8 есебімен жол берді.