Қазақстан құрамасы сапында Инесса Шумекова, Арина Ильященко және Надежда Морозова жарыс жолына шықты.
Қорытындысында, қазақстандық Надежда Морозова 4 минут 12.70 секунд нәтиже көрсетір, төртінші орынға табан тіреді.
Инесса Шумекова (4 минут 17.08 секунд) 6-орын, Арина Ильященко (4 минут 40.44 секунд) 12-орынға жайғасты.
Айта кетерлігі, жарыс жолына шыққан қытайлық үш спортшы алдыңғы үштікен көрініп, жүлдені өзара бөлісті.
Осыған дейін, Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы сайыста екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар, ерлер арасында шаңғы жарысынан (10 км) еркін стильде сынға түскен отандасымыз Олжас Климин қола медаль еншіледі.