Азиада-2026: Байдарка есуден Қазақстан құрамасы тағы бір қола жүлде еншіледі

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Дмитрий Холмогоров Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына ағы бір қола медаль салды.

Фото: ҰОК

Спортшы байдарка және каноэде есу спортынан ерлер арасында 500 метр қашықтықты 1 мину 44.453 секундта бағындырып, мәреге үшінші болып жетті.

Өзбекстан және Оңтүстік Корея спортшылары алтын және күміс жүлдені қанжығалады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Стелла Суханова әйелдер арасында бәсекеде үшінші орын алды.

Қазақстан Азиаданың алтыншы жарыс күнінде бес қола медаль жеңіп алды.