Азиада-2026: Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден қола жүлде жеңіп алды

НАГОЯ.KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында сабля бағдарламасы бойынша сынға түсті.

Фото: ҰОК

Жартылай финалдық бәсекеде отандастарымыз Жапон құрамасымен кездесіп, Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай ел намысын қорғады.

Қортындысында, Қазақстан құрамасы 45:34 есебімен қарсыластарына есе жіберіп, қола медаль қанжағалады.

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының осы Азиадада жеңіп алған үшінші жүлдесі.
Осыған дейін 19 жасар Кирилл Проходов сапы сайысының ақтақ сынында екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапондық Кано Кокиден жеңілгенін жазған едік.

Сондай-ақ, Артем Саркисян саблядан жекелей сында қола медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасы бүгін байдарка және каноэде ескек есуден үш қола медаль жеңіп алды.