Ерлер арасындағы финалдық сайыста ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Темірлан Абдраимов көрсетті. Ол жарысты 7-орынмен аяқтады.
Тихон Варехин 9-орынға тұрақтаса, Лев Чувашов 13-орынға ие болды. Ал Кирилл Стадник 18-сатыға табан тіреді.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Алтын медаль Қытай құрамасына бұйырса, Оңтүстік Корея екінші орын алды.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынындағы жүлде саны төртке жетті. Бұған дейін тасжолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Арлан Жаңабай қола жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, Алексей Луценко бес дүркін Азиада чемпионы атанды.