Қазақстан құрамасы сапында Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов пен Максим Клименко өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орын алып, жарыстың финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ақтық сындар бүгін өтеді.
Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетелік Қазақстандық волейболшылар Кореяны 2:0 есебімен жеңген еді.