Азиада-2026: Қазақстан спортшыларының 20 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – 20 қыркүйекте Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жарысқа толы күн болмақ.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Olympic.kz Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесін жариялады (Астана уақыты көрсетілген).

Айта кетейік, спортшылар құрамы мен жарыс уақыты өзгеруі мүмкін.

Спорт түрі: триатлон, ерлер. Жекелей жарыс, финал

Кімдер: Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай

Уақыты: 04:30

Спорт түрі: тасжолдағы велоспорт, әйелдер. Жекелей уақытқа жарыс, финал

Кім: Рината Сұлтанова

Уақыты: 05:00

Спорт түрі: нысана көздеу, әйелдер. 10 м пневматикалық мылтықпен ату. Іріктеу/командалық финал

Кімдер: Елизавета Безрукова, Софья Шульженко, Александра Ле

Уақыты: 05:45. Финалға жолдама алған жағдайда - 10:30

Спорт түрі: қазіргі бессайыс, әйелдер. Жекелей және командалық финал

Кімдер: Диана Щедрова, Аяна Қазбекова, Юлиана Петрова

Уақыты: 06:00

Спорт түрі: жүзу, ерлер. 200 метрге кешенді жүзу. Іріктеу

Кім: Айбат Мырзамұратов

Уақыты: 06:08. Финалдық кезең - 13:00-ден бастап

Спорт түрі: ММА, әйелдер. Modern MMA, 54 келіге дейін. Алдын ала кезең

Кім: Әйгерім Төреханова

Уақыты: 06:20

Спорт түрі: жүзу, ерлер. 100 метрге еркін әдіспен жүзу. Іріктеу

Кімдер: Әділбек Мусин, Максим Клименко

Уақыты: 06:44. Финалдық кезең - 13:00-ден бастап

Спорт түрі: ММА, ерлер. Traditional MMA, 77 келіге дейін. Алдын ала кезең

Кім: Еркінғали Бүркіталин

Уақыты: 06:50

Спорт түрі: триатлон, әйелдер. Жекелей жарыс, финал

Кім: Диана Ержанова

Уақыты: 07:00

Спорт түрі: жүзу, ерлер. 100 метрге шалқалай жүзу. Іріктеу

Кім: Александр Румынский

Уақыты: 07:05

Финалдық кезең - 13:00-ден бастап

Спорт түрі: каратэ, ерлер. 55 келіге дейін. 1/8 финал

Кім: Жоламан Биғабыл

Уақыты: 07:05

Келесі кезеңдерге өткен жағдайда: жартылай финал - 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек - 12:40, финал - 14:05-тен бастап

Спорт түрі: каратэ, әйелдер. 68 келіден жоғары. Ширек финал

Кім: Софья Берульцева

Уақыты: 07:55.

Келесі кезеңдерге өткен жағдайда: жартылай финал - 10:30-дан бастап, қола жүлде үшін жекпе-жек - 12:40, финал — 14:05-тен бастап

Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Бангладеш

Уақыты: 08:30

Спорт түрі: гандбол, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Бахрейн

Уақыты: 08:30

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Сергей Богату/Кирилл Гурин

Уақыты: 09:00

Спорт түрі: тасжолдағы велоспорт, ерлер. Жекелей уақытқа жарыс, финал

Кім: Алексей Луценко

Уақыты: 09:30

Спорт түрі: гандбол, әйелдер. Екінші матч, айналмалы жүйе

Кімдер: Қазақстан – Оңтүстік Корея

Уақыты: 09:30

Спорт түрі: Баскетбол 5х5, әйелдер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Жапония

Уақыты: 09:50

Спорт түрі: қазіргі бессайыс, ерлер. Жекелей және командалық финал

Кімдер: Кирилл Стадник, Лев Чувашов, Темірлан Абдраимов, Тихон Варехин

Уақыты: 10:30

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Топтық кезең

Кімдер: Абдулмажид Мохаммад/Дмитрий Яковлев

Уақыты: 11:00

Спорт түрі: бадминтон, әйелдер. Командалық жарыс, 1/8 финал

Кімдер: Қазақстан – Үндістан

Уақыты: 11:00

Спорт түрі: волейбол, әйелдер. Ширек финал

Кімдер: Қазақстан – Оңтүстік Корея

Уақыты: 12:00

Спорт түрі: үстел теннисі, әйелдер. Командалық жарыс, топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Оңтүстік Корея

Уақыты: 12:00

Спорт түрі: су добы, әйелдер. Топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Сингапур

Уақыты: 12:05

Спорт түрі: ММА, ерлер. Modern MMA, 71 келіге дейін. Ширек финал

Кім: Қадырбек Шынбаев

Уақыты: 12:50

Спорт түрі: ММА, ерлер. Traditional MMA, 65 келіге дейін. Ширек финал

Кім: Санжар Әділов

Уақыты: 13:00

Спорт түрі: ушу, әйелдер. Саньда, 52 келіге дейін. 1/8 финал

Кім: Аяна Тұрсын

Уақыты: 14:00

Спорт түрі: ушу, ерлер. Саньда, 75 келіге дейін. 1/8 финал

Кім: Абдурашид Абдуллаев

Уақыты: 14:00

Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер. Командалық жарыс, топтық кезең

Кімдер: Қазақстан – Сингапур

Уақыты: 14:30

Айта кетейік, Қазақcтан каратэшілерінің алғашқы қарсыласы анықталды.