Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 18 қыркүйектегі жарыс кестесі

АСТАНА. KAZINFORM — 18 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті жарыс күнін өткізеді.

Фото: ҚР ҰОК

Азиаданың ашылу салтанаты өтетін күн қарсаңында отандастарымыз қазіргі бессайыс, волейбол және көгалдағы хоккейден сынға түседі.

Жарыстардың басталуы Қазақстан уақытымен көрсетілген.

Қазіргі бессайыс, ерлер. Жартылай финал

Кімдер: Темірлан Абдраимов, Тихон Варехин, Кирилл Стадник, Лев Чувашов

Басталу уақыты: 06:00 (А жартылай финалы), 12:00 (В жартылай финалы)

Волейбол, әйелдер. Топтық кезең

Қазақстан — Қытай

Басталу уақыты: 09:00

Көгалдағы хоккей, әйелдер. Алдын ала кезең

Қазақстан — Малайзия

Басталу уақыты: 15:00

Айта кетейік, Азиаданың ашылу салтанаты ертең, 19 қыркүйекте өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан 2026 жылғы Азиаданы бастағанын хабарлағанбыз.