Ертең Әл-Куәйттен Алматыға Азиада алауы жеткізілетінін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Даңқты спортшы 30 қаңтарда Азиада ойындарының салтанатты ашылуы өтетін Астанаға Алауды жеткізетін эстафетаның қатысушысы болып табылады. «Азиада алаугері атану - мен үшін үлкен құрмет. Өзіме жүктелген сенімді Қазақстан спортының ардагерлеріне көрсетілген құрмет деп бағалаймын», -деді ағынан жарылды чемпион.
19:36, 11 Қаңтар 2011
Азиада алаугері атану - мен үшін үлкен құрмет - Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров
АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Мен ең жақсы көретін қысқы спорт түрі - биатлон. Алдағы Азиада ойындарында мен Елена Хрусталеваға жанкүйер боламын, - дейді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген 1980 жылғы Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров.