бұл шараның сәтті өткенін айта аламыз. Бұл туралы 7-Қысқы Азия ойындарын және Алау эстафетасын өткізу жөніндегі дирекцияның жетекшісі Наиль Нұров 27 қаңтарда Азиада алауы жеткізілген Қарағанды қаласында, баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Біз бүгін эстафетаның соңғы аялдамасының алдындағы мәреге жеттік. Жалпы эстафета сәтті өтті деп айта аламыз. Халықтың Азия ойындарына және Алау эстафетасына деген ықыласы зор. Азиада Алауын әр өңірде 100 мыңдай қазақстандық қарсы алды», - дейді Н.Нұров.
Оның айтуынша, эстафетаның үздік ұйымдастырған облысты анықтау дирекцияға қиынға түспек. «Барлық аймақ тамаша дайындалған. Эстафетаны ұйымдастыруға барлық мүмкіндіктерін жұмсаған», - дейді дирекция басшылығы.
Естеріңізге сала кетейік, 7-Қысқы Азия ойындарының алауы 2011 жылы Куәйтте жағылған болатын. Алау келесі күні, 12 қаңтарда әуе рейсімен Алматыға жеткізілді. Азиада алауының эстафетасы сол жерден басталып, республика қалаларын аралап келеді. Қарағанды мен Теміртаудан кейін эстафета Астанаға беріледі. Ал ертең, 30 қаңтарда «Астана-Арена» стадионында Азиаданың ашылу рәсімі болады.
7-Қысқы Азия ойындары 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Астана және Алматы қалаларында өтеді.