Азиада: Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіретін кешенде тұғырдан секіру жарыстары өтуде

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенінде биіктігі 125 метрлік тұғырдан секіру бойынша командалық жарыс өтіп жатыр.

Бәсекеге Қазақстан, Жапония, Корея, Қытай командалары түсуде . Әр командадан 4 спортшы қатысуда. Қазіргі уақытта командалар 1 секірістер жасады. Әзірге жапон спортшылары көш басында. Екінші орында - Қазақстан құрамасы келеді. Ал, үшінші орында - Кореяның спортшылары.

Дәл қазіргі уақытта бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезең басталды.