Аталған ойынды басынан аяғына дейін тамашалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жерлестеріміздің тағы бір жеңісіне куә болды.
Еліміздің спортшылары ойынның алғашқы кезеңін 7:0 есебімен ұтса, екінші кезеңді 16:2 ұпайымен аяқтап, кезекті алтын медальді қоржынға салды.
Күміс медаль Моңғолия командасына бұйырса, қоланы қырғыз елінің спортшылары місе тұтты.