Жерлесіміз нысана көздеу кезінде 2 мәрте мүлт кеткендігіне қарамастан, соңғы шақырымдарда жылдамдығын үдетіп, көмбеген 29 минут 06,1 секундта келді. Сөйтіп Қазақстан құрамасының қоржынына 10-алтын медальді салды. Бұл сында күміс жүлдені қытайлық биатлоншы Рен Лон , ал қола медальді жапондық биатлоншы Джунджи Нагаи иеленді. Жарыс Алматы облысының "Солдат" шатқалындағы шаңғы-биатлон стадионында өтті.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль бар. Біздің команда бейресми жалпыкомандалық есепте 1-орында келеді.
14:35, 01 Ақпан 2011
АЗИАДА: Биатлоншы А. Червяков Қазақстан қоржынына 10-алтын медальді салды
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстандық биатлоншы Александр Червяков ерлер арасындағы 10 шақырымға созылған спринттік жарыста мәре сызығын бірінші болып қиып, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.