ҚР Биатлон құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Ткачук бүгін Ақ Азиаданың баспасөз орталығында өткен мәслихатта осы жүлдеге қатысты ойын былай білдірді: «Бүгінгі жарыстағы қытайлық спортшының жеңісі кездейсоқ емес. Ол оған әбден лайық. Елена Хрусталева 15 шақырымда мықты. Ол осы қашықтықта Ванкувер Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Сондықтан оның алтын медалі әлі алда».
Оның айтуынша, бүгінгі жарыстағыдай олар алдағы уақытта да әрбір медаль үшін барлық күш-жігерін салып таласпақ. "Мына спртшы жарыста жеңеді деп айту қиын. Әу баста бірден қара үзіп шыққан споршыны соңғы келе жатқан шабандоздың басып озуы да әбден мүмкін. Өйткені онда шаңғымен жылдам жүгіруден бөлек нысананы мүлт жібермей дәл көздей алудан басқа өз ерік-жігерін тізгендей білу де үлкен роль атқарады",- дейді ол.
21:00, 31 Қаңтар 2011
Азиада: Елена Хрусталеваның медалі әлі алда -Биатлоннан бас бапкер
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-қысқы Азия ойындары аясында бүгін Алматыда биатлоннан әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы өтіп, онда ел намысын қорғаған Ванкувер олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева 2-орын алған болатын.