Бұл спортшы аталмыш ара қашықтықты 49 минут 31.01 секіндта еңсерді. Отандасынан 27 секундқа қалып қойған Нарусе Нобу күміс жүлдені иеленді. Бұл сында Қазақстанның үкілеген үміті Николай Чеботько 51 минут 30,1 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені қанжығасына байлады. Тағы бір жерлесіміз Сергей Черепанов төртінші орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші 52 минут 31,8 секунд.
16:13, 02 Ақпан 2011
Азиада: Ерлер арасында еркін стильдегі шаңғы жарысында Қаақстан қоржынына 1 қола медаль түсті
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыдағы Шаңғы-биатлон кешенінде өткен шаңғы жарысынан ерлер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында жапониялық Йошида Кейшин чемпион атанды.