АЗИАДА: Ерлер арасында шорт-тректен 500 метрге жүгіруден қытайлық спортшы Лян Вэньхао чемпион атанды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Астанадағы Республикалық велотректе шорт-тректен ерлердің 500 метрге жарысы аяқталды. Бұл сында қытайлық спортшы Лян Вэньхао (Lian Wenhao) чемпион атанды.

Ол аталмыш қашықтықты 41,983 секундта жүгіріп өтіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Бұл жарыстағы күміс және қола медальдарды тиісінше жапондық конькишілер Фудзимото Такахиро (Fujimoto Takahiro) мен Сакадзуме Рёсуке (Sakazume Ryosuke) иеленді. Бұлар қашықтықты сәйкесінше, 42,124 және 42,543 секундта жүгіріп өтті.