4×400 метрге эстафеталық жүгіру сайысында Қазақстан құрамасы Дмитрий Коблов, Александра Залюбовская, Давид Ефремов, Аделина Земс) Бахрейн мен Үндістаннан кейінгі 3-орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жарыста Бахрейн спортшылары межені 3:14.02 секундта бағындырса, Үндістан желаяқтарының көрсеткіші — 3:14.34. Ал қазақстандық спортшылар сөреге 3:24.85 секундта жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы аралас эстафетадан отандастарымыз күміс жүлде алған болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.