Ойынның бірінші бөлігінің 8 минутында Қазақстан құрамасының 19 нөмірдегі ойыншысы Наталья Яковчук есеп ашқан болатын.
Екінші кезеңде командалар тең ойнады.
Үшінші кезеңді қарқынды бастаған жерлестеріміз 42 минутта қарсыластар қақпасына екінші шайбаны салды. Гол иесі Ольга Конышева. Бұдан соң басымдылықты қолдан бермеген Ұлттық құрама қыздары араға 10 минут салып Қазақстан пайдасына үшінші шайбаны соқты. Ольга Потаповадан пас алған Зарина Тоқтиева 52 минутта есепті 3:0 жеткізіп, кездесудің соңғы нүктесін қойды.
Қазақстан әйелдер құрамасы ендігі ойынын бүгін кешке Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Корея құрамасымен өткізеді. Ал сағат 14:30-да Жапония мен КХДР құрамалары бақ сынасады.