Есепті бірінші болып ҚХР хоккейшілері ашты, олар алғашқы шайбаны ойынның 12-минутында соқты. Алайда солтүстік кореялық хоккейшілер жауап шайба соғып, бірінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Екінші кезеңді қытайлық хоккейшілер ойын тізгінін қолдарына алып, қарсыластарының қақпасына жауапсыз 4 шайба салды. Үшінші кезеңде ҚХР хоккейшілер тағы үш шайба соқты. Сөйтіп ойын 8:1 есебімен ҚХР құрамасының пайдасына шешілді.
17:22, 29 Қаңтар 2011
Азиада: Хоккейден Қытайдың әйелдер құрамасы Солтүстік Кореяның хоккейшілерін 8:1 есебімен жеңді
АЛМАТЫ. 29 қаңтар. ҚазАқпарат -/Айгүл Тұрысбекова/ - 7-Қысқы Азия ойындарының аясында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әйелдер командалары арасындағы жарыста Қытай Халық Республикасының құрамасы Корея Халықтық Демократиялық Республикаының құрамасын 8:1 есебімен жеңді.