Азиада: Хоккейден Оңтүстік Корея қыздар құрамасы КХДР құрамасына жол берді

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ақ Азиада аясында бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында хоккейден әйелдер командалары арасындағы ойында КХДР мен Оңтүстік Корея хоккейшілері кездесті. Онда 6:1 есебімен КХДР хоккейшілері жеңіске жетті.

Кездесудің бірінші кезеңінде Солтүстік Корея құрамасы басымдық танытты. 8-минутта олар есеп ашқанымен (О. Ок), 9-минутта Оңтүстік Корея хоккейшісі К. Ли есепті теңестірді. Алайда, 2 минуттан соң, КХДР ойыншылары екінші шайбаларын соқты (С. Рий).

Ал екінші кезеңде КХДР құрамасы басымдықты өз қолдарына алып, жауапсыз 2 шайба соқты. 27 және 37 минуттарда 15 нөмірлі С. Вон мен мен 12 нөмірлі О. Ок көзге түсті.

Дәл осы нәтиже үшінші кезеңде де қайталанды. 48-минутта КХДР құрамасы сапынан 6 нөмірлі Б. Рос және 52 минутта 7 нөмірлі Х. Риюлар бір-бірден шайба соқты.

Кездесу нәтижесі 6:1, КХДР пайдасында.

Енді КХДР құрамасы ертең Жапониямен бақ сынасады. Ал Оңтүстік Корея құрамасы 7-Қысқы Азия ойындарындағы бар кездесуін жеңіліспен аяқтады.