Азиада: Хоккейден Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея әйелдер құрамалары кездесуде

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-қысқы Азия ойныдары аясында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында КХДР мен Оңтүстік Корея әйелдер құрамаларының ойыны өтіп жатыр.

Айта кетейік, Солтүстік Корея құрамасы бұған дейінгі екі кездесуінде де жеңіліс тапқан болатын. Алдымен Қазақстан хоккейшілерінен 0:3 есебімен ұтылған олар, одан кейінгі ойынында Қытай құрамасына 1:8 есебімен жол берді.

Оңтүстік Корея құрамасы да алдымен Жапониядан 10:0 болып ұтылса, екінші кездесуінде Қазақстан құрамасынан 11:0 есебімен жеңілді.

Ойынның бірінші кезеңі басталды. Кездесудің 8-минутында Солтүстік Кореяның 12-нөмірлі ойыншысы О. Ос есеп ашса, 9-минутта 7-нөмірлі К. Ли таразы басын теңестірді. Есеп әзірге 1:1.