Ойынның нәтижесі бойынша Тайланд елінің хоккейшілері Бахрейннің құрамасын 29:0 есебімен ойсырата ұтты. Осымен Тайланд алғашқы жеңіске жетті. Бұған дейін ол команда Қырғызстанмен кездесіп, 4:15 есебімен ұтылған болатын. Бахрейн болса, бірінші кездесуінде Малайзиядан 0:25 есебімен жеңілген еді.
Енді, 31 қаңтар күні Тайланд Куәйт құрамасымен кездессе, Бахрейн Біріккен Араб Әмірліктерінің хоккейшілерімен ойнайтын болады.