Азиада: Хоккейден Жапония мен Қытай әйелдер құрамаларының кездесуі басталды

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындарында алтын жүлдеден үміткер Жапония және Қытай құрамаларының кездесуі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтуде.

Қытай құрамасы бұған дейінгі 2 кездесуінде де жеңімпаз болды. Олар алдымен КХДР құрамасын 8:1, онан кейін Оңтүстік Корея хоккейшілерін 10:0 есебімен оңай ұтқан еді.

Жапония құрамасы да Ақ Азиада ойындарын жаман бастаған жоқ. Алдымен Оңтүстік Кореяны 10:0 есебімен ұтып, кешегі ойында Қазақстан құрамасына 2:3 есебімен жол берді.

Ойынның бірінші кезеңі тартысты басталды. Әзірге есеп ашылған жоқ.