Азия ойындары ақпараттық сайтындағы деректерге сәйкес, ерлер арасында 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде, Иордания елінің спортшысын 7:2 есебімен қапы қалдырды.
Данияр Юлдашев 1/8 және 1/4 финалда Тайланд және Макао спортшыларын тізе бүктірсе, жартылай финалда Вьетнам елінің спортшысына есе жіберді.
Айта кетейік, қәзіргі уақытта Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 26 қола медалмен, жалпы есепте 11-орынға жайғасты.
Фото: Данияр Майлыбаев