АЗИАДА: Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы екі алтын медаль түсті

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 7-қысқы Азия ойныдарында Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль түсті, деп хабарлады Азиаданың ұйымдастыру комитетінен.

Бүгін таңертең шаңғымен бағдарлауда 7-қысқы Азиада ойындарының алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ағымдағы жылғы Азиаданың алғашқы медалінің иегері спринтерлік жарыста жеңіске жеткен қазақстандық Ольга Новикова болды. Ол жарыс жолын 13 минут 4,7 секундта өтті. Екінші орынға қазақстандық спортшыдан 4 минут 25,1 секундқа қалып қойған Лю Cаотин табан тіреді. Ал қола жүлде Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Евгения Кузьминаға бұйырды.

«Азиада ойындарының алғашқы алтынын ұтқанымды әлі сезінген жоқпын. Марапат тұғырында сезінетін шығармын. Ал жалпы жарыс күрделі болды. Бекеттердің бірінде қателік жіберіп алдым, дегенмен жылдамдығым көмектесті. Бәсекелестерден тайсалған жоқпын. Өзімді-өзім қолға алдым», - дейді О.Новикова.

Қазақстанға Азиаданың екінші алтынын Михаил Сорокин әперді. Ол да бүгін Алматы облысындағы Солдат шатқалында басталған шаңғымен бағдарлау спринтерлік жарысында бірінші келді. Ол жарыс жолын 13 минут 31 секундта бағындырса, одан 1 минут 42,7 секунд қалып қойған тағы бір қазақстандық спортшы Александр Бабенко күміс медальды иеленді. Ал қол жүлде Моңғолия спортшысы Герелт-Од Байарaаға бұйырды.