Азиада: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр

Фото: Фото: из открытых источников

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде, 30 қыркүйекте Қазақстан құрамасының медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір ел құрамасы еншісінде 26 медаль (3 алтын, 4 күміс, 19 қола) бар. Медальдар кестесінде 11-орында тұр.

Бұл жөнінен Қытай 200 медаль (105 алтын, 63 күміс, 32 қола) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Жапонияның 99 (27 алтын, 35 күміс, 37 қола), Оңтүстік Кореяның — 102 медалі (26 алтын, 28 күміс, 48 қола) бар.

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 105-63-32 (200)

Жапония - 27-35-37 (99)

Оңтүстік Корея - 26-28-48 (102)

Үндістан - 8-12-13 (31)

Таиланд - 8-3-9 (20)

Өзбекстан - 6-10-15 (32)

Гонконг - 5-13-18 (36)

Тайвань - 5-6-9 (20)

Иран- 2-10-10 (23)

Солтүстік Корея - 3-6-4 (13)

Қазақстан - 3-4-19 (26).