Эстафетада ел намысын Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина және Анна Самарина қорғады. Біздің команданың уақыт көрсеткіші - 4 минут 32,011 секунд. Эстафеталық жарыста 4 минут 23,8 секунд уақыт көрсеткішімен Қытай командасы Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Қытайлықтардың мерейін асырған мына сортшылар: Чжоу Ян (Zhou Yang), Лю Цюхон (Liu Qiuhong), Фань Кэсинь (Fan Kexin), Чжан Хую (Zhang Hui). Күміс жүлде Пак Сынги (Park Seunghi), Чо А Ли (Cho Ha Ri), Ян Шин Йон (Yang Shin Young), Хван Хюнсун (Hwang Hyunsun) сынды спортшылардан құралған Оңтүстік Корея командасына бұйырды.
17:53, 02 Ақпан 2011
АЗИАДА: Қазақстандық шорт-трекші қыздар 3000 метрлік эстафеталық жарыста құрама қоржынына қола жүлде салды
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанада 7-қысқы Азия ойындары аясында шорт тректен 3000 метрлік әйелдер эстафетасы жарысы аяқталды. Бұл сында қазақтандық шорт-трекші қыздар қола жүлдегер атанды.