Ойын барысында капитан Талғат Жайлауов, шабуылшылар Вадим Краснослободцев, Максим Худяков, Андрей Гаврилин, Роман Савченко және Роман Старченко ерекше көзге түсті. Ал сол жақ шабуылшы Евгений Рымарев пен Евгений Блохин екі бірдей шайбаның авторы атанды. Қазақстан құрамасының қақпасын Виталий Колесник және Виталий Еремеев қорғады. Кездесудің үздік ойыншысы - Евгений Рымарев.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның алдағы қарсыласы Жапония Солтүстік Кореяны 6:1 есебімен жеңген болатын. Қазақстандық хоккейшілер болса, бұл ойында Жапониядан дайындығы жоғары екендігін көрсетті.
Қазақстан құрамасы Жапониямен ақпанның 6-сы күні сағат 14:00-де кездесетін болады.