Ойынның нәтижесі бойынша қазақстандық хоккейшілер өз қарсыластарын 35:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында қазақстандық шабуылшы Максим Худяков алғашқы шайбаның авторы атанды. Оң жақ шабуылшы Вадим Краснослабодцев қарсыластың қақпасына жеті бірдей шайба кіргізіп, кездесудің үздік ойыншысы атағына ие болды. Ал капитан Талғат Жайлауов ойын барысында үш шайбаны салып үлгерді.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайлық Тайпей командасы Қазақстанның негізгі қарсыластары - Жапониядан 18:0 есебімен, ал Корея құрамасынан 22:0 есебімен оңбай жеңілген болатын. Осы жолы Қазақстанның құрамасы жапондықтардың жетістігін екі еселеп, Корея құрамасымен салыстырғанда, өзінің басымдығын байқатты. Сондықтан алдағы ойындарда қазақстандық хокейшілер жеңіске жетеді деген нық сенім бар.