АЗИАДА: Қазақстанның негізгі қарсыластары - Жапония мен Корея құрамалары кездесті

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7-Қысқы Азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден ерлер арасындағы жоғары дивизион санатында Жапония мен Корея елдерінің құрама командалары кездесті.

Ойында 6:1 есебімен жапондықтар жеңіске жеті. Бұған дейін Жапония Қытай құрамасын 7:1 есебімен ұтса, Қытайлық Тайпей командасын 18:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Жапония елінің құрамасы - Қазақстанның негізгі қарсыласы. Бұл командамен біздің хоккейшілер 5 ақпан күні кездеседі.