АЗИАДА: Қазақстанның тау шаңғышылары И. Закурдаев пен Д. Кошкин супергигант слаломында алтын және және күміс жүлдегерлер атанды

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - 7-қысқы Азия ойындары аясында Қазақстанның тау шаңғышылары Игорь Закурдаев пен Дмитрий Кошкин супергигант слаломында алтын және және күміс медальдарды жеңіп алды.

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында өткен жарыстардың жеңімпазы И.Закурдаев қашықтықты 1 минут 4,61 секундта жүріп өтті. Ал Дмитрий Кошкин командаласынан 0,66 секундқа қалып қойды. 7-Қысқы Азия ойындарының аталмыш спорт түрі бойынша жеңімпаздар үштігін Ким Ву Сун (Kim Woosung) тұйықтады. Оның нәтижесі 1 минут 6,58 секунд.