АЗИАДА: Классикалық жүрістегі 15 шақырымдық жарыста қазақстандық шаңғышылар күміс және қола медальға қол жеткізді

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясындаАлматы маңындағы Солдат шатқалында өткен әйелдер арасындағы 15 шақырмдық классикалық жүрістегі масс-старт жарысында жапондық шаңғышы Исида Масако (Ishida Masako) жеңімпаз атанды.

Ол қашықтықты 45 минут 45,3 секундта бағындырып үлгерді. Жеңімпаздан 45,8 секундқа артта қалған қазақстандық Елена Коломина екінші орынды иеленсе, жүлдегерлер үштігін тағы бір Қазақстан өкілі Светлана Малахова-Шишкина толықтырды. Спортшы жапондық спортшыдан 48,2 секундқа кешіккен болатын.

Исида үшін бұл - Азия ойындарында ұтып алған екінші алтын медаль. Осыдан бұрын аталмыш спортшы 5 шақырымдық классикалық жүрістегі жарыста жеңген болатын. Мұнан басқа, Жапония өкілі 10 шақырымға классикалық жүріспен жарысу бәсекесінде және эстафетада күміс медальдарға қол жеткізді.