Алдымен ерлер арасында өткен сайыста қытайлық спортшы Ю Джин (Yu Jing) алғашқы жүгіру кезінде Азия рекордының иегері өзінің жерлесі - Ван Бейсиннің (Wang Beixing) 2007 жылдың қаңтарында көрсеткен уақытынан 0,17 секундқа озып кетті. Содан кейін жапондық Като Джоджи (Kato Joji) бірінші жүгіруі кезінде ара қашықтықты 35,02 секундта жүгіріп өтіп, бұдан 4 жыл бұрын орнатылған құрлықтың рекордын жаңартты.
Араға бірнеше минут салып барып ол екінші жүгіруі кезінде өзінің жаңағы рекордын 0,04 секундқа жақсартты.
Екі жүгірудің қорытындысы бойынша Като Джоджи Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Жеңімпаздан 0,35 секунд қалып қойған оңтүстіккореялық Ли Кан Сьок (Lee Kang Seok) күміс жүлдені еншіледі. Бұл ретте айта кетерлігі, Като Джоджи екі жүгірудің нәтижесі бойынша осы Ли Кан Сьок иегері болып табылатын Азия рекордын 0,3 сеундқа жақсартты. Қола жүлдені тағы бір жапондық Нагашимо Кейчиро жеңіп алды. Ол чемпион отандасына 0,43 секунд ұтылып қалды.
Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартқан қытайлық Ю. Джин жеңмпаз атанды. Ол ара қашықтықты 76,09 секундта жүгіріп өтіп, отандасы Ван Бейсинге тиесілі рекордты 0,01 секундқа жаңартты. Ал Ван Бейсин болса жерлесінен 0,44 секундқа қалып қойып, күміс жүлдені місе тұтты. Қола жүлде оңтүстіккореялық Ли Сан Хваға бұйырды.