Бүгін Астанадағы Республикалық велотректе өткен жарыста ол аталмыш қашықтықты 1 минут 29,353 секундта жүгіріп өтті. Ақ Азиаданың күміс жүлдесін жапондық Уэмуре Дайсукэ (Uemura Daisuke) жеңіп алды. Қола жүлде оңтүстіккореялық шорт-трекші Сун Ши Бакке (Sung Si Bak) бұйырды.
Айта кетерлігі, жапондық Уэмуре Дайсукэ мен оңтүстіккореялық Сун Ши Бак сайыс алаңында құлап қалғанына қарамастан, төрешілердің шешімімен оларға сәйкесінше күміс және қола медальдар берілді.
Бұл жарыста қазақстандық спортшылар қарсыластарының қарқынына шыдас бере алмады. Жерлестеріміз Артур Сұлтанғалиев 1 минут 31,223 уақыт көрсеткішімен бесінші, ал Нұрберген Жұмағалиев 1 минут 1,563 уақыт көрсеткішімен жетінші орындарды місе тұтты.
16:45, 02 Ақпан 2011
АЗИАДА: Қытайлық спортшы С. Вэйлон шорт-тректен ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден Азиада чемпионы атанды
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қытайлық спортшы Сон Вэйлон (Song Weilong) шорт-тректен ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден алдына жан салмай, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.