Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында боксшы Махмұд Сабырханның 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 1/8 финалда Солтүстік Кореядан келген О Тае Боммен қолғап түйістіреді.
Бұл жекпе-жек 30 қыркүйек күні өткізіледі.
Махмұд бұдан бұрын оңтүстіккореялық келген И Чань Лиді жеңген еді.
Ал О Тае Бом жарыстың алғашқы сатысында ешкіммен кездескен жоқ. Бірден 1/8 финалға жолдама алды.
Сондай-ақ, ел құрамасынан Сәкен Бибосынов Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.