АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан қысқа бидің қорытындысы бойынша қытайлық жұп Х. Синтон мен Ч. Сунь көш бастап келеді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақ Азиада аясында бүгін Астанадағы Республикалық велотректе мәнерлеп сырғанаудан жарыстар басталды.

Алдымен мәнерлеп сырғанушы жұптар қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Оның қорытындысы бойынша қытайлық жұп Хуан Синтон (Huang Xintong) мен Чжэн Сунь (Zheng Xun) көш бастаушы позицияға шықты. Оларға төрешілер 53,11 балл қойды, оның 28,7 балы техникалық элемент үшін, 24,41 балы шеберліктері үшін қойылды. Лидерлерден 2,14 балл аз алған жапониялық жұп Кэти Рид (Cathy Reed) пен Крис Рид (Chris Reed) екінші, ал 2,41 балл қалып қойған қытайлық жұп Ю Сяоян (Yu Xiaoyang) мен Ван Чэнь (Wang Chen) үшінші орынға орналасты. Бұл сында жерлестеріміз Виктории Кучеренко мен Виктора Адониева 36,22 баллмен төртінші орында келеді. Қысқа би бағдарламасында Виктор Адониев Виктория Кучеренконы қиын элементті жасау барысында айдынға құлатып алды.