АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жарыстың бірінші күнінде үздік өнер көрсетті

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қысқы Азия ойындарының аясында Астанадағы республикалық велотректе өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарламада отандық спортшы Денис Тен көш бастап келеді.

Д.Тен 76,22 ұпаймен осы уақытқа дейін мұз айдынына шыққан спортшылардың арасында алдыңғы орынға орналасып отыр. Екінші қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев 56,43 ұпаймен әзірше үшінші орында тұр.

Сайыс алаңында бақ таластырушылардың жалпы саны - 14.

Жеңімпаздар бүгін, 4 ақпан күні өтетін еркін бағдарламада өнер көрсеткеннен кейін анықталатын болады.