Төрешілердің қойған бағасы бойынша бірінші күннің жарыс нәтижесінде 68,36 ұпай жинаған қытайлық жұп Пан Син мен Тон Цзянь топ бастады. Олардың отандастары Суй Вэнцзин мен Хань Цун 59,22 ұпаймен екінші орында келеді. Үшінші орында 53,60 ұпаймен солтүстіккореялық жұп Ли Джи Хан мен Тэ Вон Хок тұр.
Қазақстандық жұп - Лидия Вовленко мен Руди Владимир жарақатқа байланысты мұз айдынына шыққан жоқ.
5 ақпан күні жұптардың жарысы жалғасатын болады, олар еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.