АЗИАДА: Медеуде бендиден Қырғызстан мен Моңғолия құрамалары арасында сайыс өтуде

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбеков/ - 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін Алматыда допты хоккейден жарыстар басталды.

Қазіргі уақыттарда Медеу мұз айдынында Қырғызстан мен Моңғолия құрамалары арасында кездесу өтіп жатыр. Әзірге есеп 8:0, Моңғолия құрамасы ұтып жатыр. Алғашқы допты 10 нөмірлі Ганбат Неегун ойынның алғашқы минуттарында-ақ Қырғызстан қақпасына соғып үлгерді.