Азиадаға дайындық жүргізу және оны өткізу кезеңінде, 25 қаңтар мен 7 ақпанның аралығында Азиада нысандары электр қуатымен сенімді жабдықтаудың жоғары режіміне ауыстырылмақ. Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің энергожүйелерінің параллель жұмыстарын сақтау және Солтүстік-Оңтүстік транзитінің сенімділігін күшейту шаралары да қабылданып отыр.
Вице-министрі Д.Тұрғанов, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы А.Тұрлыбек аймақтық электр компанияларының, атап айтқанда Астанадағы «Қалалық электр желісі» АҚ мен Алматыдағы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның өкілдерімен бірлесіп, Азиялық ойындар өтетін нысандардың электр қуатымен сенімді және үздіксіз жабдықталу жағдайын тексеріп шыққан болатын. Бірқатар кемшіліктер анықталып, мердігер ұйымдар мен тапсырыс берушілерге ол кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.