Азиада нысандары қазақстандықтардың спортпен белсенді айналысуына қызмет етуі керек-Президент

АНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Азиадаға әзірлік барысында салынған спорт нысандары қазақстандықтардың спортпен белсенді айналысуына қызмет етуі керек.

Кеше Ақордада республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Елбасын Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Азиадаға әзірлік барысында бірегей спорт нысандары салынды. Ендігі жерде олар қазақстандықтардың спортпен белсенді айналысуына қызмет етуі керек», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы спорт биік мақсаттарды бағындыруға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. «Спортпен жас кезден айналысу керек. Бұл өзіңді үнемі сергек ұстауға, биік мақсаттарды бағындыруға және табысты болуға мүмкіндік береді», - деді Президент.