Азиада нышаны бейнеленген бұйымдар шығарылды
12:07, 24 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - 7-Қысқы Азиада ойындарына келетін қонақтар мен өз азаматтарымызға Азиада нышаны бейнелеген 50-ге тарта бұйым әзірленді.
Елімізде өткелі отырған Азиада ойындарының ресми демеушісі «Әдемі Ай» компаниясы сапалы әрі соңғы үлгідегі түрлі бұйымдар жасап, оларды сатылымға ұсынуда.
Бұйымдар негізінен алтын, күміс, фарфор, хрусталь және полимер сынды материалдардың қоспасымен жасалған. Бұл заттардың ішінде қажетті дүниелер көптеп кездеседі. Мәселен, флешка, киімдер, кәдесый, тіптен Азиада нышандары бейнеленген брелок, кеуде белгі мен асық және тағы басқа заттар бар.
Компания өкілдері әдетте мұндай бұйымарды шығару «Әдемі ай» компаниясына тән еместігін, тек Азиада қарсаңында халық қажеттіліне сай жасап жатқандықтарын айтады.
Қазіргі таңда аталған компанияның өнімдері спорттық ойындар өтетін кешендер мен Алматының ірі сауда орталықтарына жеткізілген.