Ли Хо Сук (Lee Ho Suk), Но Джинкю (Noh Jinkyu), Сун Ши Бак (Sung Si Bak), Ким Бёнджун (Kim Byeongjun) сынды спортшылардан құралған команда 5 шақырым қашықтықты 6 минут 44,705 секунда жүгіріп өтіп, 2007 жылы орнатылған Азия рекордын 0,134 секундқа жаңартты.
Екінші орынды жапондық спортшылар - Юдзо (Takamido Yuzo), Уэмура Даидзуке(Uemura Daisuke), Сакадзуме Рёсуке (Sakazume Ryosuke) және Фудзимото Такахиролар (Fujimoto Takahiro) алды. Олар көмбеге чемпиондардан 10 секундтай кейін келді. Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған шорт-трекшілер Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Нұрберген Жұмағазиев және Абзал Әжғалиевтар қола жүлдегерлер атанды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 3000 метрлік әйелдер эстафетасы жарысында қазақстандық шорт-трекші қыздар да құрама қоржынына қола жүлде салды.
18:06, 02 Ақпан 2011
АЗИАДА: Оңтүстіккореялық жігіттер құрлық рекордын жаңартып, шорт-тректен 5000 метрлік эстафеталық жарыста чемпион атанды
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ақ Азиада аясында Астанада өткен шорт тректен 5000 метрлік ерлер эстафетасы жарысында оңтүстіккореялық спортшылар құрлық рекордын жаңартып, алтын жүлдені жеңіп алды.