Ведомствоның хабарлауынша, оның ішінде Ойындардың ашылу және жабылу рәсімдеріне - 7,074 миллиард теңге, мәдени шараларға - 1,527 миллиард теңге, теле- және радиохабарлар таратуды қамтамасыз ету мен (хост-жүйе) Азиада ойындарын таныстырып, жария етуге - 9,633 миллиард теңге, дайындау және өткізу жөніндегі 2010 жылы атқарылған ұйымдастыру-техникалық шараларға - 15,863 миллиард теңге, 2011 жылы атқарылатын шараларға - 1,548 миллиард теңге қарастырылған, делінген хабарламада.
Жаңа спорт нысандарының құрылыстарына және қолданыстағы нысандарды қайта жаңарту жұмыстарына 2006-2011 жылдар аралығында 195,7 миллиард теңгедей инвестиция салынды бұл қаражат Астана мен Алматы қалаларының бас даму жоспарларында қарастырылған. Бұл игі шаралар Қазақстанда бұқаралық спорттың және спорттық жетістіктердің дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Қаржы министрлігінен.