Бұл спортшы аталмыш ара қашықтықты 36 минут 34,6 секундта еңсерді. Ал жапондық шаңғышы қыз Исида Масако (Ishida Masako) күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде тағы бір жапондық спортшы Кобаяси Юкиге (Kobayashi Yuki) бұйырды. Бұл жарыста қазақстандық шаңғышы қыздар жүлделі орындарға іліге алмады. Ел намысын қорғаған Елена Коломина мен Светлана Малахова-Шишкина тиісінше 5-орынға және 6-орынға тұрақтады. Коломина чемпионға 1 минут 41,6 секунд, ал Малахова-Шишкина 1 минут 55,9 секунд ұтылып қалды.
14:10, 02 Ақпан 2011
Азиада: Шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 10 шақырымдық жекелей сында оңтүстіккореялық Чай Вон чемпион атанды
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыдағы Шаңғы-биатлон кешенінде өткен шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 10 шақырымдық жекелей сында оңтүстіккореялық Чай Вон (Lee Chae Won) топ жарып, алтыннан алқа тағынды.